«Тапсырыс беруші – «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі; атауы - автомобиль жолдарын салуды қайта құру бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - КХКZ-7 «Тесіктөбе-Өгем» 0-26 шақырым автомобиль жолын қайта құру I кезек (ПК0+00 – ПК280+00); саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т5 692 267 361», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 24 мамырда басталып, 29 мамырға дейін жалғасады.
«Жұмыстарды орындау орны - Түркістан облысы, Түркістан қаласы. Жұмыстарды орындау мерзімі - 12 ай», - деп жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: Ашық дереккөз