Түркістан облысында балаға қысым көрсету дерегі тексерілуде

Алматы. 10 қаңтар. ҚазТАГ - Түркістан облысында балаға қысым көрсету дерегі тексерілуде, деп хабарлады облыстың полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Әлеуметтік желіде бөлмедегі байлаулы баланың видеосы тарап кетті. 8 қаңтарда Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын бұрынғы азаматтық әйелінің 2017 жылы туған баласына қысым көрсететіні туралы арызданған. Аталмыш дерек ҚР ҚК 140 бабы (кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндетін орындамау) бойынша тіркелген», - делінген жұмадағы хабарда..
Облыстық полицияда мәлімдегендей, «сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында аталмыш әрекетке қатысы бар адамдардың барлығы анықталтын болады».

adimage