Түркістан облысында бала суы бар контейнерден шыға алмай қалған

Түркістан. 28 маусым. ҚазТАГ – Түркістан облысында 7 жасар бала суы бар контейнерден шыға алмай қалған, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен.
«27 маусымда «112» қызметіне Түркістан облысы Жетісай ауданы Атакент елді мекеніндегі үйлердің бірінде ата-анасының қарауынсыз қалған 2015 жылы туған баланың су құюға арналған контейнерден шыға алмай қалғаны туралы хабар келіп түсті», - делінген сейсенбідегі хабарда. 
Хабарда нақтыланғандай, баланы ТЖД төрт қызметкері құтқарған. Оларға арнайы құралдың көмегімен контейнерді кесуге тура келген. Бала ешқандай жарақатсыз ата-анасына тапсырылды.

adimage