Түркістан облысында браконьерлерден тәркіленген көп көлемдегі балықтар балабақшаға берілді

Түркістан. 24 ақпан. ҚазТАГ – Түркістан облысында браконьерлерден тәркіленген көп көлемдегі балықтар балабақшаға берілді, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Полицейлер көл жағалауында заңсыз балық аулаумен айналысқан Ордабасы ауданының екі тұрғынын ұстаған. Заттай айғақтар ретінде олардан 130 кг балық, қайық, ау және балық аулауға арналған құралдар тәркіленген. (…) Тәркіленген заңсыз ауланған 130 кг балықты полицейлер Шолаққорған ауылындағы жергілікті балабақшға берген», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Браконьерлік ісі бойынша ҚР ҚК 335 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

adimage