Түркістан облысында күйеуінің таяғынан төрт баланың анасы көз жұмды

Түркістан. 28 маусым. ҚазТАГ - Түркістан облысында күйеуінің таяғынан төрт баланың анасы көз жұмды, деп хабарлады «Отырар».
«11 маусымда полицейлер ҚР ҚК 106 бабы 1 бөлімі бойынша (денсаулығына әдейі ауыр зардап келтіру) қылмыстық істі тіркеді. Күдікті 14 маусымда ұсталып, қамауға алынды. Зардап шеккен әйел бір жеті бойы есін жинай алмай, ауруханада көз жұмды», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарында.
Соған байланысты қылмыстық іс абайсызда зардап шегушінің өліміне алып келу туралы 106 бап 3 бөліміне ауыстырылды.
Хабарда нақтыланғандай, күдікті сегіз жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

adimage