Түркістан облысында кей елдімекендер таратылуы мүмкін

Түркістан. 27 мамыр. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Түркістан облысында кей елдімекендер таратылуы мүмкін.
«Түркістан облысы әкімдігі қаулы етеді және Түркістан облыстық мәслихаты шешті (…) Түркістан облысы Отырар ауданы Маяқұм ауылдық округі Аққұм мен Ешкі қора ауылдары таратылсын», - делінген облыстық жер қатынастары басқармасы дайындаған Түркістан облысы әкімдігі мен мәслихатының ортақ шешім жобасында.
Еске салсақ, 2005 жылдың ақпанында Сырдария арнасынан тасып, Отырар ауданы Ешкі қора, Аққұм, Маяқұм және Мирный ауылдарына жақын келген. Әр тәулік сайын су жарты метрге көтеріліп отырған. Көп жерде жолдар шайылып, жайылымдарды су басқан, су астында 94 үй қалған. Маяқұм ауылында жаңа ықшамаудан салуға республикалық бюджеттен Т284,9 млн. бөлінген. Осы жерге Аққұм, Ешкі қора және Мирный ауылдарының бірқатар тұрғыны көшірілген.

adimage