Түркістан облысында ХҚДБ қаржысына 57 мыңнан астам га. жерді қайта қалпына келтіру жоспарлануда

Алматы. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Түркістан облысында Халықаралық қайта құру және даму банкінің қаржысына 57 мың га астам жерді қалпына келтіру жоспарлануда, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.
«Халықаралық қайта құру және даму банкінің қаржыландыруымен «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 3-ші кезеңінде 57,3 мың гектар жерді қалпына келтіру жоспарланған. Республикалық меншікке өткізілуі тиіс 57,3 мың гектар суармалы жердегі су нысандарының 90% республикалық меншікке өткізілді», - Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.
Ол нақтылағандай, соңғы екі жылда жергілікті бюджеттен 2,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 52 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілген.
«Нәтижесінде, 45,5 мың гектар жердің ағын сумен қамтамасыз етілуі және мелиоративтік жағдайы жақсарып, 1 мың гектар жаңадан айналымға енген», - деді спикер.
2018 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 542,8 млрд. тг. құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 60,4 млрд. тг. артқан.
«осылайша республикада 2 орынға қол жеткізілді. Республикада жалпы өнім көлемі бойынша облысымыздың үлесі 12,4%-ды құрады», - деп атап өтті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.
Ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 180,9 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 12,6% немесе 20,2 млн. АҚШ долларына артты.
«Облыста ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 43,8 млрд. тг. жетіп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 111,4% құрады. Республика бойынша тартылған инвестиция көлемі бойынша Түркістан облысы 4 орында», - деді ауыл шаруашылығы басқармасынан.
Былтыр 181,3 гектар аумаққа жылыжай салынып, оның облысымыздағы көлемі 1344 гектар болған.
«Осылайша, жылыжай ісін өркендету бойынша Түркістан облысы республикамызда 77 пайыздық үлеске жетті. Биыл, 2019 жылы да аймақта 180 гектар жылыжай салу жоспарланып отыр», - деді Н. Бадырақов.

adimage