Түркістан облысында әкімдіктің лауазымды тұлғалары 326 млн теңге болатын құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдеген деген күдікке ілінді

   Түркістан.1желтоқсан.ҚазТАГ- Түркістан облысының Төлеби ауданында әкімдіктің лауазымды тұлғалары 326 млн теңге болатын құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдеген деген күдікке ілінді, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.
   «Түркістан облысының прокуратурасы Төлеби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Шенеуніктер ауданның арнайы жер қорындағы жерлерді заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы алаяқтықпен иеленді деген күдікке ілініп отыр»,- делінген хабарламада.
   Төлеби ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы қызмет бабын пайдаланып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын-ала сөз байласу арқылы нарықтық құны 326 млн теңгені құрайтын 200 га астам құнарлы жер учаскелерін өзінің ізашарының атына заңсыз рәсімдеген.

adimage