Түркістан облысында педофильді ұзақ мерзімге соттады

Алматы. 10 сәуір. ҚазТАГ – Түркістан облысында педофильді ұзақ мерзімге соттады, деп хабарлады Otyrar.
«Сот Т.-ны Қазақстан Республикасы ҚК 121 бабы 4 бөлімі, 24 бабы 3 бөлімі бойынша (кәмелетке толмағанға қатысты Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері)оған 15 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары қылмыстық атқару жүйесінің мекемесінде өтейтін болады. Айыпталушыға өмір бойына педагог қызметін, сонымен қатар кәмелетке толмағандармен байланысты қызметті атқаруға тыйым салынады», - делінген хабарда.
Оқиғаның өзі 2018 жылдың қарашасында орын алған.
«Сайрам ауданындағы үйінде болған Т. мас күйде үйіне кәмелетке толмаған көршісінің баласын шақырған. Үйінде Т. баланы ұстап алып, кереуетке алып ұрып, іш киімін шешіп құшақтай бастаған. Осы кезде бала көмеккке шақырып айқайлаған. Айқайды естіген баланың анасы дереу жүгіріп келген. Осылайша Т. өзінің арам пиғылын жүзеге асыра алмаған», - делінген хабарда.


adimage