Түркістан облысында ҚР ҰЭМ ТМР БжТҚҚК департаментінің басшысы тағайындалды

Күні: 19:05, 05-11-2018.

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ - Түркістан облысында ҚР ҰЭМ ТМР БҚжТҚҚК департаментінің басшысы тағайындалды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.  
«ҚР ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Түркістан облысы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті департаментінің басшысы болып  Ибрайханов Ерболат Максутханович тағайындалды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.  
Е. Ибрайханов бұрын Қарағанды облысы монополияға қарсы инспекциясының басшысы және Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.  


Жаңалықтармен бөлісу: