Алматы. 28 наурыз. ҚазТАГ – Түркістан облысында шағын автобустың қатысуымен орын алған ЖКО-дан екі адам мерт болып, бесеуі жарақат алған, деп хабарлады Otyrar.kz.
«Ордабасы ауданда ірі жол көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 2 адам көз жұмып, тағы 5 адам түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Полицейлердің ақпарынша, «Ниссан» шағын автобусы мен «Ваз» көлігі соқтығысып қалған.
«шағын автобус жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жеңіл автокөлікпен бетпе-бет соқтығысады. Ауыр соқыдан «Ваз» автокөлігі жарамсыз металға айналған», - деді полицейлер.
ҚР ҚК-нің 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалған..
Түркістан облысында шағын автобустың қатысуымен орын алған ЖКО-да екі адам мерт болып, бесеуі жарақаттанды
