Түркістан облысында сотталғандарға тыйым салынған заттардың үлкен партиясын алып өтпек болған

Күні: 18:21, 08-05-2019.

Астана. 8 мамыр. ҚазТАГ – Түркістан облысында сотталғандарға тыйым салынған заттардың үлкен партиясын алып өтпек болған, деп хабарлады ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметінен.
«Сотталғандарға қолдануға арналған тыйым салынған заттардың үлкен партиясын мекеме қызметкерлері, Ұлттық гвардия және Түркістан облысының облыстық прокуратурасы тәркіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
ҚАЖК-де нақтылағандай, тыйым салынған заттарды қызметкерлер «Газель» маркалы көлігін тексеру барысында анықтаған.
«Тасымалданған жүктер арасында бояуға арналған екі 17 литрлік ыдыста 12 ұялы телефон, тоғыз қуаттағыш құралы, тоғыз SIM-картf, телефонға арналған бір батарейка, бір USB флэш-карта, төрт құлаққап, екі блютуз (модуль – ҚазТАГ), «Трамадол» дәрісінің 130 таблеткасы мен 10 ампул уколы, сондай-ақ 271 грамм «марихуана» есірткісі табылған. Аталмыш дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген, және Түркістан облысындағы ҚАЖД тиісті тергеу жүргізуде», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: