Алматы. 23 қазан. ҚазТАГ – Түркістан облысында суды қорғау инспекторларына оқ атқан күдікті ұсталды, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 293 бабы бойынша (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ұсталды. Полицейлер мәселенің мән-жайын анықтауда», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
ПД-де нақтылағандай, Шардара АПБ кезекші бөліміне су қорғау инспекторы болып жұмыс жасайтын Сарыағаш ауданының тұрғынынан арыз түскен.
«Зардап шегуші рейдтік шаралар кезінде түнде Шардара су қоймасында үш күдікті адамы бар қайықты байқаған, олар балықты заңсыз аулаумен айналысып жатқан. Су қорғау инспекторларын көрген жастар қашып кетпек болған, алайда 17 шақырымнан кейін олардың қайықтары тұрып қалған. Сол кезде жағалауға белгісіз біреулер келіп, инспекторларды қарумен қорқытып, олардың аяқтарының астына атып, ұялы телефондарын алып кеткен, сөйтіп браконьерлермен бірге көліктерімен белгісіз бағытта кетіп қалған», - деді полицейлер.
Хабарда атап өтілгендей, Шардара АПБ қызметкерлері күдіктіні өз үйінде ұстаған.
«Ол Шардара ауданының тұрғыны, браконьерлердің бірінің әкесі болып шықты. Үйін тінту барысында тәртіп сақшылары 16 калибрлі аңшы мылтығы мен зардап шегушілердің ұялы телефондарын тәркілеген», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51