Түркістан облысында террористік тұрғыдан осал 64 нысанда бұзушылықтар анықталды

Күні: 10:55, 30-10-2019.

Алматы. 30 қазан. ҚазТАГ – Түркістан облысында террористік тұрғыдан осал 64 нысанда бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылдың басынан бастап Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аудандық және қалалық бөлімшелермен бірге террористік тұрғыдан осал 1157 нысанды тексерді. Олардың 64-інде нысандардың инженерлік-техникалық беріктілігіне байланысты бұзушылықтар, террористік тұрғыдан осалдығы анықталған», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Нысан иелері ҚР ӘҚбК 149 бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.
«Сот әкімшілік жауапқа террористік тұрғыдан осал 40 нысан иесің мен басшыларын әкімшілік жауапқа тартты. Оларға салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы Т17 млн», - деді полицейлер.


Жаңалықтармен бөлісу: