«Өңірде мемлекеттік меншікке жататын жер учаскелерін өз бетінше немесе тиісті емес түрде пайдалану фактілері анықталып, тоқтатылды. Әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданып, 127 жеке тұлғаға жалпы сомасы 21,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», – делінген хабарламада.
Аталған заң бұзушылықтар Түркістан облысы Жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан Сауран ауданы әкімдігінің материалдары негізінде жүргізілген тексеру барысында анықталған.
Фото көзі: freepik.com