Түркістан облысында ЖКО салдарынан үш бала мен ересек адам мерт болды

Астана. 14 наурыз. ҚазТАГ – Түркістан облысында ЖКО салдарынан үш бала мен ересек адам мерт болды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінен.
«Бүгін Шымкент-Самара тас жолының 115 шақырымында Nexia жеңіл көлігі мен Hyundai Starex көлігінің соқтығысуынан жол-көлік оқиғасы орын алды. Ауруханаға жарақат алған екі ересек адам мен екі кәмелетке толмаған балалар жеткізілді. Өкінішке орай медициналық мекемеге жеткізу барысында үш жасөспірім (алдын-ала болжам бойынша екеуі 2014 жылғы және біреуі 2004 жылғы) көз жұмған», - деп хабарлады бейсенбіде ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділда Ораз.
Ол атап өткендей, ал ауруханада Nexia көлігінің жүргізушісі қайтыс болған. .
«Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің бастығы барды», - деп хабарлады ІІМ ресми өкілі.

adimage