Түркістан облысында ЖЖЕ білмегені үшін полицейлерді қызметінен шеттетті

Күні: 13:51, 06-03-2019.

Алматы. 6 наурыз. ҚазТАГ - Түркістан облысында ЖЖЕ білмегені үшін полицейлерді қызметінен шеттетті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Бұған дейін әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерінің ҚР жол жүру ережесіне сәйкес мотоцикл жүргізушісіне медициналық қораптың керек-керек емесін түсіндіре алмай жатқаны туралы видео пайда болды. Аталмыш дерек бойынша Түркістан облысы ПД-де қызметтік тексеру тағайындалды. Тексеріс нәтижесі бойынша Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция полицейлері өздерінің қызметтік міндеттерін және ҚР ЖЖЕ білмегендері үшін қызметтерінен шеттетілді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қолданыстағы ҚР ЖЖЕ сәйкес медициналық қорап пен апатты тоқтату белгісі (жыпылықтағыш қызыл шам) міндетті түрде жанында тіркемесі бар мотоциклдерде ғана болуы керек.


Жаңалықтармен бөлісу: