Түркістан облысының экс-әкімі ҚХА төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Астана. 28 ақпан. ҚазТАГ – Түркістан облысының экс-әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды», - делінген бейсенбідегі Ақорда хабарында.
Сондай-ақ, хабарланғандай «мемлекет басшысының өкімімен Леонид Андреевич Прокопенко басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды».
Бұған дейін хабарлағандай, 26 ақпанда мемлекет басшысының жарлығымен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды. Сол күні мемлекет басшысының жарлығымен осы қызметке Өмірзақ Шөкеев тағайындалды.
Еске салсақ, Ж. Түймебаев 2018 жылдың 20 маусымында Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған еді.

adimage