Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ – Түркістан облысының тұрғыны 1 млн теңгеден астам сомаға 30-дан астам алаяқтық жасаған деген күдікке ілінді, деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінен.
«Түркістан қ. полиция басқармасына жергілікті тұрғындар алаяқтың құрбаны болғандарын айтып шағымданған, алаяқ жергілікті тұрғындардың ақшасын жымқырған. Мәселен, жәбірленушінің бірі субсидия алуға көмектесемін деген желеумен белгісіз бір әйелдің одан 40 мың теңге алғанын айтты. Аталмыш деректі полицейлер ҚР ҚК 190 «Алаяқтық» бабы бойынша СТБТ тіркеді. Жедел-тергеу шаралары барысында Түркістан қ. ПБ қызметкерлері алаяқ жасаған деген күдіктіні ұстады. Ол Түркістан қ. тұрғыны болып шықты. Ол алаяқтық жолымен азаматтардың сеніміне кіріп, оларға мембағдарлама бойынша ақша алуға көмектесуге уәде берген. Тергеу амалдарының нәтижесінде жас әйелдің 30-дан астам алаяқтыққа қатысы бары анықталды. Ол бір миллионнан астам сомаға шығын келтірген», - делінген хабарда.
Өңірдегі ПД ақпарынша, қазіргі таңда алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Полицейлер күдіктінің басқа да ұқсас деректерге қатыстылығын анықтады», - делінген хабарда.
Түркістан облысының тұрғыны 1 млн теңгеден астам сомаға 30-дан астам алаяқтық жасаған деген күдікке ілінді
