Түркістан облысының тұрғыны терроризмді насихаттау бойынша ұсталды

   Түркістан. 27 қазан. ҚазТАГ - Түркістан облысының тұрғыны терроризмді насихаттау ісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы.
  "Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс – қимыл басқармасының (полиция департаменті-ҚазТАГ) жедел уәкілдері деструктивті-діни ағымның идеологиясын насихаттайтын экстремистік сипаттағы бейнероликтер мен басқа да материалдарды орналастыру фактілерін анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері экстремистік материалдар таратқан күдіктіні ұстады", - делінген сәрсенбіде таратылған хабарламада.
   Ұсталған азамат Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.
   "Тінту барысында ұсталған адамнан діни сипаттағы аудиожазбалары бар ұялы телефондар, тыйым салынған діни әдебиеттер тәркіленді", - деп нақтылады полиция қызметкерлері.
   ҚР ҚК-нің 256-бабы (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


adimage