Алматы. 28 мамыр. ҚазТАГ - Түркістан полициясының жаңа бастығы тағайындалды, деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Бүгін Түркістан облысы ПД бастығы Қайрат Далбековтың бұйрығымен (...) Түркістан облысы ПД Түркістан полиция басқармасының бастығы қызметіне (…) Мейрхан Данияр тағайындалды», - деп хабарлады сейсенбіде Түркістан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.
Сондай-ақ, ол Жанаев Бауыржанның Түркістан облысы ПД Төле би аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалғанын жеткізді. .
Еске салсақ, Мейрхан Данияр жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2018 жылдың 1 тамызынан бастап Шымкент ПД қызметкері болып жұмыс жасаған еді.
Түркістан полициясының жаңа бастығы тағайындалды
