Түркістан-Шымкент жаңа жолаушылар пойызы жұмадан бастап жүре бастайды

Күні: 13:38, 03-01-2019.

Астана. 3 қаңтар. ҚазТАГ – Түркістан-Шымкент жаңа жолаушылар пойызы жұмадан бастап жүре бастайды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 4 қаңтарында сағат 15.30-да Түркістан стансасы вокзалының аумағында Түркістан-Шымкент жаңа бағытының салтанатты түрде іске қосылуы болады», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Пойыз аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері жүретін болады. Жолда жүру уақыты, баспасөз қызметінің ақпарынша, 2 сағат 15 минутты құрайды.
«Отыратын орын саны – 175, құрам жылытудың заманауи жүйесімен, ауаны желдеткішпен, көтергіш құрылғылармен және арбада отыратын мүгедек жандарға арналған орындармен жабдықталған», - деді компаниядан.


Жаңалықтармен бөлісу: