Түркістан және Алматы облыстарында жұма күні жел тұрады

Астана. 22 қараша. ҚазТАГ – Түркістан және Алматы облыстарында жұма күні жел тұрады, деп хабарлады   «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«23 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, оңтүстік-батыстан күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с желдің күшейюі сақталады», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.  
Шымкент пен Түркістан қалаларында   23 қарашада таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с дейін желдің күшейюі сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«3 қарашада күндіз Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерінде бұрқасын болады. Ақтөбе қ. 23 қарашада күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, соққан желдің екпіпі 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - делінген хабарда.

adimage