Түркістан және Маңғыстау облыстарында қатты жауын-шашын және жел күтіледі

Күні: 11:30, 08-01-2019.

Астана. 8 қаңтар. ҚазТАГ – Синоптиктер Түркістан және Маңғыстау облыстарында жағымсыз ауа райы жағдайына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«8 қаңтарда күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын күтіледі. Тәулік бойы кей жерлерді тұман басады. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 25 м/с артады», - делінген хабарда.
Синоптиктердің ақпарына сәйкес, 8 қаңтар күні Шымкент қаласында түнде және таңертең оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейетіні күтіледі.
«8 қаңтарда Маңғыстау облысында кей жерлерді тұман басып, көктайғақ болады. Сондай-ақ Ақтау қаласында да тұман мен көктайғақ күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: