Түркістан және Қызылорда облыстарында жұма күні дауылды ескерту жарияланды

Күні: 16:56, 06-06-2019.

Астана. 6 маусым. ҚазТАГ – Түркістан және Қызылорда облыстарында жұма күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«7 маусымда күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Түркістан қ.: 7 маусымда күндіз солтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дабылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«7 маусымда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20, екпіні 23 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - деді «Қазгидрометте».


Жаңалықтармен бөлісу: