Түркістанда 5 жылда туристерді тарту үшін 10 нысан салынды

Шымкент.7 тамыз. ҚазТАГ – Бес жылда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласында туристерді тарту үшін 10 нысан салынды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«5 жылда Түркістан қаласында туристерді тарту үшін 10 нысан салынды. Егер 2013 жылы Қожа Ахмет Яссауи Мавзолейіне экскурсияға 700 мыңнан астам адам келсе, 2014 жылы олардың саны 1 млн-нан асты. Биылдың өзінде Түркістанның көрікті жерлерін көрген туристер саны  594,8 мың адам болды. Олардың осыншама өсуі туристерге қолайлы жағдай жасалуының, қызмет сапасының артуының арқасында мүмкін болып отыр», - деп айтқан Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаевтың сөзіне облыс әкімінің баспасөз қызметі жұма күнгі хабарда сілтеме жасапты.  
Хабарда айтылғандай, қала әкімі брифингте туристік сала жетістері туралы айтып берді.
Одан басқа, Ә. Өсербаев Түркістанды І жартыжылдықта дамыту туралы мәліметтерді келтірді. Мысалы, қаланың өңірлік өнімі Т29 млрд 359,4 млн құрайды. Олардың 17%-ы өнеркәсіп саласына келсе, 19,4% - ауыл шаруашылығына, 22,1% - тартылған инвестиция, ал 41,5% - тауар айналымынан және көрсетілген қызмет көлемінен түскен қаражат. Хабарда айтылғандай, жан басына шаққандағы өңір өнімі Т115,3 мыңнан келеді.
Облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен атап кеткендей, Түркістанда сауда-логистикалық орталық салынады. Осы мақсаттарға 20 га жер бөлінген, жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, инвестициялар тартылды. Сондай-ақ индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы құны Т1 млрд 630 млн болатын 10 жоба іске қосылды. Онда жаңадан 441 жұмыс орны ашылды.
Одан басқа, делінген баспасөз қызметінің хабарында, Түркістанда индустриалдық аймақ жұмысқа кірісті. Оның аумағында жалпы құны Т7 млрд 663 млн болатын 9 жобаны іске қосу жоспарлануда. Ол келешекте 500 адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

adimage