Түркістанда ШОБ дамытуға жағдай жасалуда

Күні: 09:48, 31-08-2019.

Түркістан. 31 тамыз. ҚазТАГ - Түркістанда Шағым және орта бизнесты (ШОБ) дамыту аясында кәсіп ашсаңыз, салық төлемейсіз, деп мәлімдеді Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов.
– Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының ұсынысымен, Үкімет басшысы Асқар Ұзақбайұлының қолдауымен Түркістанда арнайы экономикалық аймақ құрылды. Яғни, мұнда келіп, кафе, ресторан ашатын болсаңыз, ешқандай салық төлемейсіз. Тек келіп салсаңыз болды. Сырттан қараған адам «мұның мемлекетке не пайдасы бар?» деп ойлауы мүмкін. Мемлекетке пайдасы, біріншіден, қаржы кіреді. Екіншіден, жұмыс орны ашылады. Үшіншіден, инфрақұрылымымыз дамиды. Төртіншіден, жаңа технологиялар келіп жатса, біздің азаматтар оны көріп үйренеді. Көріп үйренген соң ол да ашуға тырысады, – деді шаһар басшысы.
Бұдан бөлек, Түркістан қаласында индустриалдық аймақ көлемі 40 гектардан 350 гектарға дейін ұлғайды. Мұнда кез-келген инвестор қаржысын салып, қалаған бағытында жұмыс істей береді. Барлық саладағы кәсіпкерліктің бір жерге топтастырылуын Аюпов өте дұрыс шешім деп есептейді.
– Жалпы инвесторлар бізге не үшін керек? Өйткені КСРО кезіндегідей ешкім үлкен зауыт сала алмайды. Біз тек кәсіпкерлерді қолдау арқылы ғана кәсіпорындар аша аламыз. Ол үшін бізде шектеу жоқ. Өзіміздікі не шетелдікі деп бөліп қарауға болмайды. Өйткені мақсат біреу – Түркістан қаласын дамыту, халықаралық деңгейге жеткізу, – дейді ол.
Елбасы назарындағы қала бүгінде үлкен құрылыс алаңына айналған. Облыс орталығының инфрақұрылым жүйесі заман талаптарына сай жаңартылуда.


Жаңалықтармен бөлісу: