Түркістанда тамшылап суғару жүйесін енгізу арқасында мақта өнімділігі екі есеге артты

Шымкент. 31 тамыз. ҚазТАГ – Түркістанда тамшылап суғару технологиясын енгізу арқасында мақта өнімділігі гектарына 15 центнерден 40 центнерге дейін артты, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Түркістанда мақтаны тамшылап суғару арқылы өсіріп жатыр. Олар осы жүйені егістіктерге жүргізіп, енді суғару барысын қадағалап отырады. Себебі су бұл өңірде үнемі тапшы», - делінген баспасөз қызметінің дүйсенбі күні таратқан хабарында.  
Бұл ретте суғарудың жаңа жүйесінің арқасында мақта өнімділігі артты.
«Мақта өнімділігі гектарына 15 центнерден 40 центнерге дейін артты. Минералдық тыңайтқыштарды, жұмыс ресурсын, дизель отынын үнемдеу де өз нәтижелерін беріп отыр» - деп мәлім етті «Әзім ата» шаруа қожалығының төрағасы Хабибулла Әзімов.
Тамшылап суғару жүйесі егістіктегі суды ғана үнемдеп қоюға мүмкіндік бермей ол мақта өсіруге керек тыңайтқыштарды да қысқартуға мүмкіндік беріп отыр.
«Егер бұрын диқандар әр гектарына 500 кг тыңайтқыш сатып алған болса, қазір 150 кг да жеткілікті. Одан басқа шаруалар кейбір тетіктерден де үнемдей алады. Мысалы, Түркстандағы зауытта тамшылап суғаруға керек түтікшелер мен сүзгілер шығарады. Бұрын оларды Израиль немесе Қытайдан сатып алуға тура келетін. Енді диқандар жергілікті өнімді пайдалануда. Оның үстіне тамшылап суғаратын жүйені шаруаларға сатпайды, оны алдағы өнім есебінен береді», - делінген хабарда.
Қазіргі уақытқа Түркістанда 1700 га аумақта тамшылап суғару жүйесі қолданылады. Сонымен қатар диқандардың басым көпшілігі бұрынғысынша арықпен суғарып та жатыр. Олар үнемдей алуы үшін егістіктерде күн энергиясынан жұмыс істейтін су сорғыштар жұмыс істеп тұр.

adimage