Түркістандағы амфитеатр құрылысы 2019 жылдың қазанында бітеді деп жоспарлануда

Алматы. 23 мамыр. ҚазТАГ - Түркістандағы амфитеатр құрылысы 2019 жылдың қазанында бітеді деп жоспарлануда, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
«Биыл (…) амфитеатр ғимаратын қолданысқа береді. (…) тапсырыс берушісі Маңғыстау облысы әкімдігі болып табылатын нысанның құрылысы ағымдағы жылдың сәуірінде басталған, ал оны ағымдағы жылдың қазанында аяқтау жоспарлануда», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Баспасөз қызметінде нақтылағандай, 1 мың орынға есептелген кешеннің жалпы алаңы 2,4 мың ш. м.
«Облыс орталығының рухани-мәдени аумағында орналасқан ғимарат құрылысына күндіз 22 жұмысшы, түнде 10 жұмысшы жұмылдырылған», - делінген хабарда.
«АА-Стройинжиниринг» ЖШС мердігер компаниясының учаске бастығы Абай Әбдірахмановтың айтуынша, бүгінгі таңда барлық жұмыстар қарқынды жүргізілуде, нысанды бекітілген кестеге сәйкес пайдалануға береді.

adimage