Түркістандағы әуежай 2020 жылдың қыркүйегінде толығымен аяқталады – облыс әкімдігі

Түркістан. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Түркістандағы әуежай 2020 жылдың қыркүйегінде толығымен аяқталады, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
«Түркістан қаласында жаңадан салынып жатқан халықаралық әуежайға баратын автомобиль жолының жалпы ұзындығы – 16,3 шақырым. Әуежай жолын толығымен 2020 жылдың қыркүйек айында аяқтау көзделуде», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Баспасөз қызметінде атап өткендей, Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта Шаға елді мекенінен түркиялық «YDA Group» компаниясы халықаралық әуежайдың құрылысын жүргізуде.
«Қазіргі таңда Түркістан халықаралық әуежайының құрылыс алаңында инвестордың 302 құрылысшысы мен 102 арнайы техникасыжұмылдырылған. Бүгінгі күні әуежай терминалының іргетасы аяқталып, ұшу-қону жолағына қажетті құмды-шағал тасты қоспаның бірінші қабаты төселінуде. Сондай-ақ, рульдеу жолы мен перронның жұмыстары аяқталып отыр», - делінген хабарда.
«YDA Group» компаниясының басқарма төрағасы Арслан Хусейннің айтуынша, Түркістан халықаралық әуежайы халықаралық стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен салынуда. Терминал жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады.
Облыс әкімдігінде еске салғандай, әуежай жалпы 900 гектар аумақты қамтитын болады.
«Онда терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар салу жоспарланған. Халықаралық әуежай 2020 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі деп күтілуде», - делінген хабарда.
Еске салсақ, Түркістандағы әуежай құрылысы 2019 жылдың 18 мамырында басталған болатын. Алайда сол кезде Түркістан облысының билігі терминал халықаралық және ішкі рейстерде сағатына 250 адамға қызмет етуге қабілетті деп хабарлаған еді. Облыс әкімдігінің ақпарынша, Түркістандағы жаңа әуежайдың құрылысын түрік инвесторлары жүргізетін болады. Құрылысты жүргізуші ретінде «Ида Иншаат Санайи Ве Тиджарет Аноним Ширкети» (Yda Inşaat Sanayi Ve Ticaret Anonim Şirketi) АҚ түрік компаниясы таңдап алынды.
12 желтоқсанда ҚазТАГ ХАА хабарлағандай, ҚР ұлттық экономика министрлігіне вице-премьер Роман Скляр Түркістан облысы үшін мемлекеттік-жеке әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер лимитін арттыру тапсырылды. Хабарда атап өтілгендей, аталмыш түзетуді қабылдау МЖӘ механизмі арқылы Түркістанда халықаралық әуежайдың құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2020 жылдың 10 қаңтарында ҚазТАГ ХАА МЖӘ аясында Түркістан әуежайының құрылыс жобасы бойынша міндеттемелер артып жатқанын хабарлады. Бұған дейін бұрынғы әдістемеде «сағатына 400 жолаушыдан кем емес өткізуге қабілетті автовокзалы бар әуежай» тұжырымдамасы болған емес.

adimage