Түркістанда жарықшамдар шығаратын зауыттың іргетасы қаланды

Күні: 17:24, 24-01-2019.

Аматы. 24 қаңтар. ҚазТАГ - Түркістанда жарықшамдар шығаратын зауыттың іргетасы қаланды, делінген Түркістан облысының сайтындағы хабарда.
«Бүгін Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта жарықшамдар шығаратын зауыттың капсуласы салынды.. (…)Түркістандағы индустриалды аймақта іргетасы қаланған компанияның құрылысы 3 жылда аяқталады деп күтілуде. Осы арқылы бастапқыда 700 адам жұмыспен қамтылмақ. Сұраныс пен өндіріс қуаттылығына сай жұмысшылар саны артуы мүмкін. Зауыттың өнімдері Қазақстаннан бөлек көршілес мемлекеттерге де экспортталады», - делінген хабарда.
Облыс әкімдігінің ақпарынша, жоба инвесторы қытайлық «Tai-Tur Energy» компаниясы.
«Аталған компания елімізде бірінші рет Түркістан облысына инвестиция салуға қол жеткізіп отыр. Инвестицияның құны — 200 млн. АҚШ доллары», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: