Алматы. 22 шілде. ҚазТАГ – Түркістанның екі тұрғыны мемлекеттік субсидияға қатысты 70-тен астам алаяқтық ісі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаменті (ПД) баспасөз қызметінен.
«Түркістан ПБ полиция қызметкерлері алаяқтық күдігі бойынша екі адамды ұстады. Олар Түркістан тұрғындары болып шықты – ер мен әйел адам. Полицейлер анықтағандай, жас әйел көп балалы, жұмыссыз. Ол танысымен алдын-ала сөз байласу арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, мембағдарламалардың бірі бойынша субсидия алуға көмек ұсынған. Зардап шегушілер алаяқтарға Т 10 мыңнан Т800 мыңға дейін бергеннен кейін, олар ізін жасырып отырған. Алаяқтықпен қолды қылған ақшаларын күдіктілер өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Бүгінгі таңда тергеу ұсталғандардың 70-тен астам алаяқтық дерегіне қатыстары барын анықтаған», - деп хабарлады дүйсенбіде ПД-нен.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 190 бабы (алаяқтық) бойынша жүргізілуде.
«Зардап шегушілерге келтірілген жалпы шығын сомасы шамамен Т5 млн құрған. Полицейлер күдіктілердің басқа да алаяқтық істеріне қатысы бар болуы мүмкін деуде», - делінген хабарда
Қатысты сілтемелер
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17