Түркия мен Қазақстан әскерилері ортақ оқу-жаттығулар өткізуді қарастырып жатыр

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ – Түркия мен Қазақстан әскерилері құрлық әскерлерінің ортақ оқу-жаттығуларын өткізуді қарастырып жатыр, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«Қазақстанның әскери делегациясы Түрік Республикасына барды Екіжақты әскери ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери делегациясы ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектановтың жетекшілік етуімен Түрік Республикасына барды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.  
Хабарда атап өтілгендей, Қазақстандық делегация сапар барысындаТүркия Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшысы армия генералы  Яшар Гюлермен кездесу өткізді.  Оның барысында тараптар құрлық әскерлерінің, арнайы бөлімшелердің әскери оқу-жаттығуларға өзара қатысу мәселелері мен әскери білім беру мәселелерін талқылады. Одан басқа, Қазақстанның әскери делегациясы Арнайы операциялар күштері қолбасшылығының орталығына барды. Онда оларға қалалық жағдайлардағы жауынгерлік іс-қимылдар көрсетілді.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор М. Бектанов Түркия ҚК Құрлық әскерлерінің училищесінде білім алып жатқан қазақстандық курсанттармен кездесті.

adimage