Түркия қорғаныс өнеркәсібі саласында Қазақстанмен ортақ жобалар жасауға мүдделі

Астана. 13  қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Анкараға барған сапарында «Коч Холдинг» компаниясы басқармасының төрағасы Али Йылдырым Кочпен кездесті, деп хабарлады мемлекет басшысның баспасөз қызметінен.
«Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады», - делінген бейсенбідегі Ақорда сайтындағы хабарда.  
«Коч Холдинг» компаниясы басқармасының төрағасы қорғаныс өнеркәсібіндегі және экономиканың басқа да өндіріс салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытты.  

adimage