Түркияда 75 мыңға жуық қазақстандық болуы мүмкін, қаза болғандар жоқ – СІМ

    Астана.7 ақпан.ҚазТАГ- Алена Субботина. Түркияда 75 мыңға жуық қазақстандық болуы мүмкін, қаза болғандар жоқ, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
   "Түркиядағы дипломаттар Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасымен тұрақты байланыста. Әзірге тізімде зардап шеккен немесе қаза тапқан Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ. Бұған қоса қирандылар көп болғандықтан, құтқару жұмысы жалғасып жатқанын ескерген жөн. Түркияда консулдық есепте тұрған 968 Қазақстан азаматы бар. Оның ішінде: Анкарада - 498, Стамбулда - 45, Анталияда - 189. Түркияда 8 219 қазақстандық студент білім алып жатыр. Жалпы, Түркия билігінің мәліметінше, бұл елде 75 мыңға жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін», – деді Смадияров сейсенбі күні.

adimage