Түркияда мемлекеттік төңкеріс туралы даулы істі қайта қарауда

Күні: 09:43, 04-11-2014.

Алматы. 4 қараша. ҚазТАГ – Түркияда 2003 жылы мемлекеттік төңкеріс дайындаған деп айыпталған 236 әскери қызметкер туралы даулы істі қайта қарау басталды, деп хабарлады ВВС орыс қызметінен.
Әскерилер бұдан екі жыл бұрын «Зіл балға» операциясы деп аталатын іс бойынша сотталған. Бірақ биыл маусымда айыпталушылардың көбін Түркия Жоғарғы соты тергеу барысында бұзушылықтарға орын берілген деп, бостандыққа шығарып жіберді. Сотта куәгер ретінде сөйлеген Түркия армиясының бас-штабының экс-басшысы генерал Хилми Озкок жоспарланып жатқан әскери төңкеріс туралы ешқандай ақпарат алмадым деп мәлім етті.
Бақылаушылар атап кеткендей, істі қайта қарау, Ирак пен Сирия шекарасындағы жағдай шиеленісіп тұрғанда Түркия армиясының беделін көтеруге мүмкіндік беруі мүмкін.


Жаңалықтармен бөлісу: