Түркияда туылған екі айлық қазақстандық Алматыға санитарлық авиациямен жеткізілді

Күні: 17:15, 10-09-2018.

Астана. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Түркияда туылған екі айлық қазақстандық Алматыға санитарлық авиациямен жеткізілді, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«2018 жылғы 10 қыркүйек 1988 жылы туылған Қазақстан азаматшасы және оның екі айлық қызы Анталия қаласынан (Түркия) елге санитариялық авиация күшімен сәтті тасымалданды», - деп хабарлады дүйсенбіде ҚР ДСМ-нен.  
Ведомствода атап өткендей, 2018 жылғы 30 маусым демалыста болған Қазақстан азаматшасының мерзімінен бұрын босануы басталды. Қыз бала шала туған балалар денсаулығының жай-күйіндегі сипатта туылды. Жағдайы тұрақты болғаннан  кейін, сондай-ақ, ҚР денсаулық сақтау министрлігі Республикалық санитариялық авиация орталығы және ҚР сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып,  барлық қажетті медициналық құжаттар алынғаннан соң бүлдіршін мен анасын отанына тасымалдау үдерісі басталған болатын.
«Ұшу барысында баланы санитариялық авиация қызметінің ұтқыр бригадасының мамандары алып жүрді. Әрі қарай қажетті көмек алу үшін нәресте анасымен бірге Алматы қаласы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта, бала дәрігерлердің бақылауында», - деді денсаулық сақтау министрлігінен.
Бұған дейін хабарланғандай, жаңа туылған сәби туа сала түскен ауруханасында «кепілге» алынды. Ата-анасы аурухана қызметі үшін керек қаржысын төлей алмаған. Олар ақша жинап келу үшін баласын тастап елге оралған еді. Түркияға жас жұбайлар демалуға барған. Жолдаманы туыстары алып берген. Дарья Васильева жүктіліктің алтыншы айында болған. Үшінші күні толғағы басталған. Май құю бекетінде күйеуі босандырып алып, ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер өз қызметі үшін $3,5 мың сұраған. Жас отбасында ондай ақша болмаған. Олар достарынан және сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған. Нәтижесінде жиналған қаржы $20 мыңға дейін жеткен. 7 қыркүйекте белгілі болғандай, керек сома жиналды және сәби Қазақстанға жеткізіледі.  


Жаңалықтармен бөлісу: