Тұрсынов Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ – Әділ Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
«Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын», - делінген бейсенбіде жарияланған құжат мәтінінде.
Тұрсынов соңғы жылдары ҚР СІМ ТМД департаментінің директоры және ҚР президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып қызмет атқарған.

adimage