Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде ҚР аумағына әкелуге тыйым салынған тағам өнімдерінің тізбесі жасалды

Күні: 12:12, 06-11-2014.

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде ҚР аумағына әкелуге тыйым салынған тағам өнімдерінің тізбесі  жасалды, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің
баспасөз-қызметі.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Кедендік одақтың техникалық регламенттерінің қауіпсіз тағам өнімдеріне сәйкес келмейтін өнімдерге тиым салу мен шектеу қою бойынша жұмыстар жүргізуде», - делінген бейсенбі күні таратылған баспасөз парақшасында. Хабарда айтылғандай, республиканың ішкі нарығына өнімдерді әкелу және (немесе) қолдану бойынша шектеу санитариялық шаралары қолданылған өнімдердің тізімімен келесі сілтемеге өту арқылы http://azpprk.kz/normativnye-pravovye-akty/item/zaprety-i-ogranicheniya.html танысуға болады».
Тізілімде көрсетілгендей, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей, Беларусия, Италия, Франциядан, Шотландиядан алкоголь өнімдерін әкелуге тиым салынады. Бұрынғысынша майдағы шпроттар, ірімшіктің бірқатар түрлері, құс еті мен т.б. тағамдарды әкелуге тийым салынған.
Қазан айында Австралиядан салқындатылған саудадағы аты «Қара ангус рибайы» атты сиыр етін әкелуге салынған тыйым алынып тасталды.
Комитет жағымсыз сатып алудың алдын алу және аталған тауарларды қолданудың салдарларын тудырмау мақсатында, көрсетілген тізімге назар аудартады.
Сондай-ақ, Комитет тағам өнімдерінің қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейтін өнімдерді өткізу мен қолдану бойынша кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру барысында Кедендік одақтың кедендік шекарасында шиелініс жағдайын тудырмау мақсатында, аталған тізімді басшылыққа алуды ұсынады, делінген бейсенбі күні таратылған хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: