Тұяқбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Алматы. 11 шілде. ҚазТАГ - Сапарбек Тұяқбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің өкімімен С.Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Сонымен қатар хабарланғандай, бұрындары қала әкімінің орынбасары болған Марат Сембеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды..
40 жасар Тұяқбаев 2005-2009 жылдар аралығында мемлекеттік қызмет істері Агенттігінде, Ресейдегі ҚР Елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтерді атқарған..
2016 жылдың қазанынан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрілігінің инвестиция Комитетінің Төрағасы. 2017 жылдың қарашасынан «НК «Kazakh Invest» АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарды..

adimage