Тәжікстан абақтысында ИЛИМ содырларының бүлігінің салдарынан 30-дан астам адам мерт болды

Алматы. 20 мамыр. ҚазТАГ – Тәжікстан абақтысында «Ирак пен Леванттағы ислам мемлекеті» (ИЛИМ) террористік ұйымының содырларының бүлігінің салдарынан 30-дан астам адам мерт болды, деп хабарлады Тәжік телеграф агенттігінен (ТәжікТА).
«Душанбі-Ваздат автожолының шетінде орналасқан Вахдат қаласындағы «Кірпішті» деген атпен танымал №3/2 түзету-еңбек абақтысында өткен түнде сотталушылардың бүлікшілік әрекеті орын алды. «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының 30 аса қауіпті сотталушысы пышақпен қаруланып, түзету мекемесінің үш қызметкерін кепілге алып, өлтіріп тастаған, олар түрмеден қашпақ болған», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Хабарада атап өтілгендей, түзету мекемесі қызметкерлерінің тәртіпсіздікті тоқтатып, заңды сақтауға шақырған талаптарынан бүлікшілер үзілді-кесілді бас тартып, тез арада босатуларын талап еткен. Келісісөздер барысында қарсылық танытушы сотталғандар арасында қарулы жанжал орын алып, мекеме күзетінің бірнеше қызметкерін жарақаттаған.
«Түрме әкімшілігі қабылдаған ішкі тәртіпті орнату бойынша заңды шаралары нәтижесінде аса қауіпті сотталушылар арасында да қаза тапқандар бар (кей ақпарат бойынша 29 содыр өлтірілген – ҚазТАГ). Қазіргі таңда жағдай бір қалыпты, бақылауға алынған. Аталмыш оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, нәтижесі қосымша хабарланатын болады», - деп хабарлады Тәжікстан әділет министрлігінен.
Еске салсақ, 2018 жылдың 7 қарашасында тәжікстандық Хаджандтегі қатал режимдегі абақтыда бұлік шығып, түрменің екі қызметкері мен 21 сотталушы қаза тапқан еді. Ол кезде бүлік үшін жауапкершілікті ИМИЛ содырлары алған болатын.

adimage