Алматы. 9 қараша. ҚазТАГ – Тәжікстан колониясындағы бүлік салдарынан 25 –тен астам адам көз жұмды, деп хабарлады Тәжікстан телеграф агенттігі (Тәжік ТА).
«Тәжікстандағы Худжант колониясында сотталғандардың бүлігі кезінде екі офицер – колония қызметкері мен арнай ымақсаттағы әскер - қаза болды, тағы алты күзетші жарақат алды. Тәжікстандағы Худжант колониясындағы сотталғандардың бүлігі кезінде қаза тапқандардың жалпы саны 25 адамнан асады», - делінген елдің күш құрылымдарының дерек көзіне сілтеме жасалған хабарда.
Хабарда айтылғандай, сотталғандардың бірі – ИГИЛ мүшесі күзетшіден автоматын тартып алған. Оған басқа сотталғандар қосылған,олар да күзетшілер мен бақылаушыларды ұрып, колония корпустарының бірін басып алған. Согдий облысы ІІБ арнайы мақсаттағы әскерлерінің шабуылымен бүлік тоқтатылған.
«Бүлік кезінде екі офицер қаза болды, алты күзетші жараланып, ауруханаға жеткізілді (...). Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деді дерек көзі.
Сондай-ақ, дерек көзі хабарлағандай, Согдий облысының құқыққорғау органдары қызмет атқарудың күшейтілген режиміне өтті, әсіресе Худжантқа кірушілер және шығушылар қатаң бақылауға алынды.
Сотталушылар бүлігі бейсенбіге қараған түні, 8 қарашада Худжанттың 16 ықшамауданында орналасқан қатаң режимдегі колонияда орын алған.
Тәжікстан колониясындағы бүлік салдарынан 25 –тен астам адам көз жұмды
