Тәжікстанда жабық сайттарға, оның ішінде ТәжікТА сайтына кіру жартылай ғана ашылды

Күні: 16:12, 13-10-2014.

Алматы. 13 қазан. ҚазТАГ – Тәжікстанда бұрындары жабылып қалған сайттар, оның ішінде Тәжік телеграф агенттігінің (ТәжікТА) сайтына кіру жартылай қалпына келтірілген, деп хабарлады дүйсенбі күні ТәжікТА.
Тәжікстанның жергілікті БАҚ беттерінде жарияланған хабар бойынша, 13 қазанда интернет-провайдерлер бұрын блокталған сайттарға, оның ішінде  Тәжік телеграф агенттігінің сайты -TajikTa.tj, әлеуметтік желілер Facebook, Vkontakte, Википедия сайтына, ақпараттық агенттіктер - TojNews, CA-News, Faraj, News.tj және басқаларға круге мүмкіндік ашыпты.
Бірақ, бұл ақпаратты тексеру барысында ТәжікТА сайтына, сондай-ақ TojNews, CA-News және Facebook, Vkontakte сайттарына «Сатурн» және Babilon-T интернет-провайдерлері арқылы кіру мүмкін емес екені анықталды.
ТәжікТА ақпараттық агенттігі оның себебін әзірге анықтай алмады.
ТәжікТА тілшісінің телефон арқылы сайттардың жабықтығының себебін сұрап Тәжікстан үкіметінің жанындағы байланыс қызметімен байланысуға деген әрекетінен түк шықпады.
Еске салсақ, сайттарды жабу 5 қазанда басталды, ал ел сервері интернеттен мүлдем өшіріліп тасталды. 11 қазанда Соғдыда байланыс қалпына келтірілді. Сондай-ақ 10 қазанда СМС-хабар қызметі өшірілді, бірақ 11 қазанда тәжік ұялы операторлар клиенттері осы қызметтпен пайдалана алды.
Бұл ретте БАҚ еркіндігі мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ өкілі Дунья Миятович Тәжікстанда соңғы бірнеше айда интернеттен өшіріп тастау оқиғаларының қайталанып отыруына алаңдаушылық танытып, оны «алаңдарлық үрдіс» деп атап, билікті интернетке үзіліссіз қосылуды қамтамасыз етуге шақырды.  


Жаңалықтармен бөлісу: