Т14 млн заңсыз алып өтпек болған қазақстандықты «Қорғас» шекарашылары ұстады

Күні: 14:42, 24-01-2019.

Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ - Т14 млн заңсыз алып өтпек болған қазақстандықты «Қорғас» шекарашылары ұстады, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметінің (ШҚ) баспасөз қызметінен.
«Қорғас шекара жасағының жауапкершілік аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығында 1981 жылы туған қазақстандық әйел ұсталды. Ол 2019 жылғы 23 қаңтарда, сағат 8-дер шамасында қалтасындағы 14 млн теңгемен орталық аумағына кірмекші болған. Бірақ қолындағы ақшасы декларацияланбаған болып шықты. Тәркіленген ақша актіленіп «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда айтылғандай, алматылық халықаралық әуежайда осыдан үш күн бұрын осындай жәйт орын алған болатын.
«20 қаңтар күні сағат 10.00 шамасында «Алматы» шекаралық бақылау жасағының шекарашылары «Алматы - Ыстанбұл» бағытымен ұшқалы тұрған ТК - 353 әуе рейсінің жолаушыларын тексеру барысында 36 жастағы қазақстандықтан декларацияланбаған 13 мың АҚШ долларын тауып, актілеп, «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырған болатын», - деді ҚР ҰҚК ШҚ.


Жаңалықтармен бөлісу: