Т178 млрд. теңгеден астам міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары қызметкерлердің есепшоттарына түсті

Астана. 16 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда  Т178 млрд. теңгеден астам міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары қызметкерлердің есепшоттарына түсті, деп хабарлады ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілердің есебінен зиянды (ерекше зиянды) жұмыс жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына  міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізлді. 2018 жылдың 1 қыркүйегі бойынша 10 мыңнан астам жұмыс беруші 451 021 қызметшіге 178,7 млрд.теңге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударды», - делінген еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарында.  
Ведомствода еске салғандай, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы Үкіметтің Қаулысымен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен  зиянды (ерекше зиянды) жұмыс жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесі бекітілді.

adimage