Т5,5 млрд астам соманы Атырау жағалауын абаттандыруға жұмсау жоспарлануда

Атырау. 17 мамыр. ҚазТАГ - Т5,5 млрд астам соманы Атырау жағалауын абаттандыруға жұмсау жоспарлануда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жағалауды абаттандырудағы мақсат Атырау жағалауындағы серуендейтін аумақты жақсарту болып табылады. Жобаны НКОК («Норт Каспиан Оперейтинг Компани» – ҚазТАГ) компаниясы қаржыландырады. Жобаның жалпы сомасы – Т5 млрд 544 млн. Барлық жұмыстар 2020 жылы аяқталады», - деп хабарлады жұмада Атырау облысы құрылыс басқармасынан.
Жұмыстар Орал өзенінің жағалау маңында, қала орталығының еуропалық бөлігінде Бейбарыс көпірінен жастар саябағына дейін жүргізіледі.
«Жобаланған жағалау шартты түрде үш бөлікке бөлінген. Жалпы қашықтығы 1861 м. Жаңа жағалауда велосипед жолдары, жүгіруге арналған жолдар, гүлзарлар болады. Шағын сәулет пішіндері де орнатылады: стел, көлеңке құрылымдар, шамдар, қоқыс тастайтын сауыттар, арқалығы бар орындықтар, көгалдандыру – көгалдар, түрлі ағаштар мен бұталар егіледі», - деді жобаны жобалаушылар.

adimage