Т97,5 млн-нан астам қаржыны Қазақстан Бас прокуратурасының құқықтық статистикасы ақпараттық қауіпсіздікке жұмсауға ниетті

Астана. 21 маусым. ҚазТАГ- Қазақстанның Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (ҚСАЕСЖК) ақпараттық қауіпсіздікке Т97,5 млн-нан астам қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Тапсырыс беруші - "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті" мемлекеттік мекемесі; атауы – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер; қосымша сипаттамасы – ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының қызметтері (АЖҚО); жоспарлы сомасы – Т97 505 357,15", - делінген Мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лоттың сипаттамасында.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 28 маусымда сағат 9.10-да басталады және 13 шілдеде сағат 9.15-те аяқталады.
Жоспарланып отырған қызметке қойылатын талаптардың ішінде әртүрлі көздерден шығатын ақпараттық қауіпсіздік (АҚ) оқиғаларын талдауды қамтамасыз ету және АҚ инциденттерін уақтылы анықтау және өңдеу, АҚ оқиғаларын мониторингтеу және басқару жүйелерімен тіркелген АҚ оқиғаларының тәулік бойы мониторингі, инциденттерге ден қою процесінде сараптамалық қолдау көрсету, сыртқы Интернет желісінен келіп түсетін инциденттерге ден қою және басқалар.
Естеріңізге сала кетейік, 14 маусымда ҚазТАГ бас прокуратураның бюджеттен Т182 млрд-ты заңдардың нақты сақталуын жоғары қадағалауға сұрағанын хабарлады.

adimage