Таиланд қазақстандықтар үшін электронды виза енгізеді

Күні: 18:24, 31-01-2019.

Астана. 31 қаңтар. ҚазТАГ – Таиланд қазақстандықтар үшін электронды виза енгізеді, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметінен.
«2019 жылы 14 ақпаннан бастап Таиланд бірқатар елдердің, соның ішінде Қазақстанның да азаматтары үшін ел аумағына келгенде берілетін E-VOA (e-Visa On Arrival) визасын беру қызметін іске қосады. Аталған қызмет құжаттарды толтыру, иммиграциялық қызмет жұмыскерлерінің оларды тексеруі және визаның рәсімделуін күтуге жұмсалатын әуежайдағы уақытты айтарлықтай азайтады», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.  
Хабарда айтылғандай, E-VOA қызметін алу үшін сапарға аттанардан ең кемі 30 күн бұрын және 24 сағаттан кешіктірмей арнайы веб-сайтқа кіріп, тапсырыс беру керек.
«Азаматтар электронды форманы толтырып, виза ақысын MasterCard, Visa, Union Pay немесе WeChat Pay және Alipay-дің несиелік немесе дебеттік карталары арқылы онлайн режимде төлей алады», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, E-VOA қызметін пайдаланған туристер Таиландтағы төрт негізгі халықаралық әуежайдың кез келгеніне келе алады: Суварнабхуми, Донмыанг, Пхукет және Чиангмай халықаралық әуежайлары.
«2019 жылдың соңына дейін бұл қызмет түрі Таиландтағы басқа әуежайларда қол жетімді болады», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: