Таиландта демалған туристер Алматыға деңге безгегін алып келді

Күні: 13:16, 27-03-2019.

Алматы. 27 наурыз. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Таиландтан оралған туристер Алматыға денге безгегін алып келді, деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен (ҚДСД) .
«2018 жылы Денге безгегін жұқтырудың 2 дерегі, 2019 жылдың үш айында 4 дерегі тіркелген. Жұқтырған адамдардың барлығы Таиландта болып келген. Оларға инфекция маса шаққанда жұққан», - деді сәрсенбіде ҚДСД.
Сондай-ақ, департаментте аурудың алдын алу шаралары туралы айтты.
«Геморрогиялық безгек ауруы таралған елде жүргенде масадан сақтанатын құралдар қолдануды ұсынамыз, олар қала дәріханаларында сатылады. Ауру белгілері білінген кезде медициналық көмекке жүгінген жөн», - деді ҚДСД.
Хабарда атап өтілгендей, геморрагиялық безгек (с.і. денге безгегі) жылы климат аймақтарында Азияның Оңтүстігінде және Оңтүстік-Шығысында, Океания, Африка, Америка, Кариб бассейні елдерінде таралған.
Қоздырғыштарды науқас адамдар, маймылдар, жарқанаттар, Aedes aegypti масалары таратуы мүмкін.
Геморрагиялық безгектер (оның ішінде Денге безгегі) - өткір вирустық инфекциялық ауру. Оның белгілері - буындардың ауыруы, қалтырау, денедегі бөртпелер, лимфобездердің шошынуы, тромбогеморрагиялық асқыну болуы мүмкін.


Жаңалықтармен бөлісу: