Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ – Таиландтағы жеңіл атлетикадан халықаралық турнирде Қазақстан тағы бір «алтын» иемденді, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Қазақстандық жеңіл атлет Полина Иванова Thailand Open Track & Field 2019 халықаралық турнирінде алтыннан алқа тақты. Полина сырықпен секіруден 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында топ жарған. Ол 3.70 метрді бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін ересектер арасында алтынды Мария Овчинникова (үш рет секіру) мен Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) иеленген еді.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34